Семейде сатушысы жоқ дүкен ашылды
Семейде «Адалдық дүкендері» ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Шығыс-адалдық алаңы» жобасы аясында қаладағы бірқатар оқу орындарында «Адалдық дүкендері» ашылды. Сатушысы жоқ дүкенге келген мұғалімдер мен студенттер өздеріне қажетті затты алып, ақшаны арнайы жәшікке салады. Дүкенде кеңсе тауарлары мен оқуға қажетті кітаптар бар.
Оқи отырыңыз