"Көмек керек!" «Nur Otan» волонтер болам деген жастарды іздеп жатыр
«Nur Otan» партиясының облыстық филиалы «Біз біргеміз» акциясының аясында көпбалалы отбасылар мен егде адамдарға көмек көрсетуде, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Партия өкілдері мұқтаж отбасыларды, жалғыз өзі тұратын зейнеткерлерді антисептикалық құралдармен қамтамасыз етуге күш салып жатыр. Осы ретте көмек қолын созуға дайын азаматтарды акцияға атсалысуға шақырады.
Айта кетейік, қазіргі уақытта 200-ден астам отбасыға көмек көрсетілді. Алайда жәрдем сұрап, қоңырау шалатын адамдар күн санап көбейіп жатқан көрінеді.
Акцияға атсалысамын деген жастар 8(747) 202 13 26, 25-01-80 номерлеріне хабарласа алады. Немесе Чехов- 68 мекенжайындағы партияның облыстық филиалына бару керек.