Үш тәуліктен кейін күн қайта жылына бастайды – Қазгидромет
Үш тәуліктен кейін күн қайта жылына бастайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Синоптиктердің 22-24 қазан аралығындағы күндерге жасаған болжамына сүйенер болсақ, антициклонның әсері бірте-бірте әлсірейді. Яғни қара суықтың беті қайта бастайды.
– Қазақстанға келген антициклон ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеліп соқты. Бірақ алдағы үш күнде антициклонның әсері біртіндеп бәсеңдейді, ауа температурасы жоғарылайды, – деп мәлімдеді «Қазгидромет».
Мамандардың айтуынша, Өскеменде тек сәрсенбі күні сынап бағанасы нөлден жоғарылай бастайды. 23 қазан күні 6-7 градус жылы болады. Алайда түнде 5-7 градус нөлден төмен болады.