Семейде темір жол бойындағы қоқыстар жиналады
Семейдегі темір жол бойында сенбілік өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл жайында шаһар басшысы Ермак Сәлімов мәлім етті.
Тазалық жұмыстарын "ҚТЖ" АҚ қызметкерлері жасайды. Темір жол бойларына қоқыстың жиілеп жиналуына сол аудандағы тұрғындары қоқыс шығару қызметімен келісім-шартқа отырмауы себеп болып отыр екен. Осыған байланысты қала әкімі жергілікті полиция қызметкерлеріне бұл жұмысты қадағалауға алуды тапсырды.
Оқи отырыңыз