7 қазанда ауа райы қандай болады?
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Тек батыс аймақта және оңтүстіктің таулы аймақтарында күн күркіреп, жаңбыр жаууы мүмкін.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Жамбыл, Солтүтсітк Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында түнгі және таңғы уақыттарда тұман түседі. ШҚО-да желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал.
Алматы облысының Алакөл аумағында да жел 17-22 м/с дейін күшейеді.
Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында кей жерлерде күн күркіреп, тұман түседі.
Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғады деп болжануда.
Оқи отырыңыз