ШҚО-дағы үздік шаруа қожалығы күнбағыстың түр-түрін өсіріп отыр
Облыс әкімі Даниал Ахметов 20 жылдан бері үздіктердің сапынан түспей келе жатқан Выдриха ауылындағы шаруа қожалығының жұмысымен танысты. «Выдриха» атты бұл жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің 12,5 мың гектар жері бар. Соның 3,2 мың гектарына күнбағыс өсіріп отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Выдриханың» директоры Александр Белкин күнбағыстың 10 сұрпын өсіретінін айтты.
– Бір апта болды жинау науқанын бастап кеттік. Жаңа комбайндар мен басқа да сатып алынған техникалар шығын мөлшерін азайтты. Бұрын шемішкенің 20 пайызы алқапта қалып қоятын еді, – дейді А.Белкин.
Аймақ басшысы бұл алқапта алдағы уақытта бұршақ тұқымдас өсімдіктерді егіп, сынақ жүргізу керегін атап өтті.