KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
527.58 546.15 5.29

"Халықты қалаға көшпеуге үгіттейді" Ауылдарға делегация келе жатыр

1.10.2019, 05:23 262

Фейсбук желісінің белсенді қолданушыларының бірі Ермек Құрманғалитегі бүгін желідегі парақшасына ауылға келе жатқан делегаттар туралы пост жариялады. Айтуынша, ақын-жазушылардан құралған үгіт-насихат тобы шекараға жақын ауыл тұрғындарына қалаға көшпеу туралы үндеу жасамақ.

"Ауыл жақтан хабарласып жатыр. Естулерінше үгіт-насихат тобы келе жатыр екен. Негі үгіттемек дейсіздер ғой? Халықты шекара маңындағы халықты қалаға көшпеуге үгіттейді дейді. Үгіт-насихат жасауға келе жатқандардың барлығы да үлкен қалаларда от жағып, су тасымайтын, мал асырамайтын, заулім үйлерде рахат өмірде тұратын адамдар екеніне еш күмәнім жоқ. Сөйте тұра халыққа көшпеңдер деп ақыл айтқысы келе ме? Өздері неге ауылды тастап кетті екен? Шынайы патриот болса өздері неге шекара маңайына көшіп келмейді? Ауылда жайылымдық жер болмаса, асырап баққан малы жем-шөптің бағасын да ақтамаса, интернеті жоқ оқушы еріксіз далада итпен ойнап жүрсе, газ тартылмаса, суды құдықтан тасып ішіп жүрсе, жұмыс орындары ашылмаса, бүкіл ауыл бір байдың қолына қарап отырса халық қалаға көшпегенде қайтеді? Меніңше бұл топтың әрекеті бос әурешілік. Аудандардың стаусын қайтармаса шекараның маңайында ешкім қалмайды",-деп жазады ол.

Ермек Құрманғалитегінің айтуынша, үгіт-насихат тобы бүгін Тарбағатай ауданының тұрғындарымен кездеседі екен. 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу