"Дариға-ай" жастар театрына 20 жыл!
Семейдегі «Дариға-ай» жастар театрына 20 жыл! Мерейтой қарсаңында, белгілі өнер иелері және театрдың құрушысы Дариға Тұранқұлованың қатысуымен, театр өмірінен сыр шертетін кітаптың тұсауы кесілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Кітап мерейтой қарсаңында 200 данамен шығарылды. Онда театрды құрушылардың өмірі мен өнері қамтылған. Осы уақыт ішіндегі жетістіктер жазылған. Кітап қаладағы кітапханаларға таратылады, – деді театрдың әдеби қызметкері Гүлжан Құдайбергенова.
Айтуынша, «Дариға-ай» жастар театры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, педогог, профессор Дариға Тұранқұлова мен әдебиет пен өнер зерттеушісі Төкен Ибрагимовтың бастамасымен 1999 жылы құрылған. Осы уақыт ішінде республикалық және халықаралық фестивальдердің лауреаты атанды.