KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями Штиль
495.95 524.37 4.98

Соңғы он жылда елімізде ауруханадан мешіт көп салыныпты

25.09.2019, 05:02 130

Қазақстанда соңғы он жылда салынған емханалардан мешіттің саны көп, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы Socium_KAZ телеграм-арнасы ақпарат таратты.

 – Елімізде 1991 жылы – 68, 2000 жылы – 1 652, 2011 жылы — 2 756, 2017 жылы – 3 601 мешіт болған. Осыған қарап әр он жылда 1 000-нан астам мешіт салынғанын байқаймыз, – деп жазылған хабарда.

Мешіттердің көбі Түркістан облысы мен Шымкент қаласында. Оңтүстік өңірде 3 302 адамға бір мешіттен келеді екен.

Ал Маңғыстау облысында 36 684 адамға – бір мешіт.

Салыстырар болсақ, оңтүстіктегі мешіттер саны Маңғыстаудан 12 есе көп.

Иә, соңғы он жылда салынған мешіттердің саны емханалардан көп, ал мектептерден аз. Айырмашылығын төмендегі статистикадан көруге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу