Семей әкімі 103 жасқа келген кейуананы құттықтады
Семей әкімі 103 жасқа келген кейуананы құттықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қала күнінде шаһар басшысы Ермак Сәлімов ғасыр жасаған кейуананың үйіне барып, құттықтап қайтты.
Анна Казаченко 1916 жылы Алтай өңірінде дүниеге келген. 103 келген кейуана жақындары мен достарының нөмірлерін жатқа біледі екен.
Айтпақшы, Анна Казаченконың әжесі 114 жасаған екен.