Бесқарағайдың жас футболшылары "Былғары допты" жеңді
Семейде өткен аймақтық «Былғары доп» футбол байқауының жеңімпазы анықталып, қала әкімінің сыйлығына ие болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Айта кетейік, бұл байқау аула командаларының арасында ұйымдастырылады. Ұйымдастырушы – «Аймақтық клубтар ассоциациясы».
Сонымен, жарысқа 37 ұлдар командасы мен 3 қыздар командасы түсті. Ұлдар арасында Бесқарағай ауданының ұжымы ал қыздар арасында «Жолдас» атты Семейдегі №36 мектептің ұжымы жеңімпаз атанды.
Жеңімпаз ұжымдар қала әкімінің сыйлығын алды. Сондай-ақ жекелеген үздік ойыншылар да марапатталды.
Оқи отырыңыз