KZ
Өскемен
-18°
небольшой снег жел 3 м/с, З
520.91 544.25 5.29

Пернетақта батырмасын қолданудың 7 тиімді әдісі

14.09.2019, 04:40 172

Пернетақтада батырмаларды тиімді қолданып, уақыт үнемдеуге болады. Мысалы, Ctrl + Shift + Т батырмаларын бір уақытта қолданса, жаңа папка пайда болады. Жұмысыңызды жеңілдететін мұндай бірнеше әдіс бар, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 Экранның скриншоты
 Windows: Print Screen  батырмасы (PrtSc) пернетақтада экранның скриншотын жасауға қолданылады. Ол үшін Alt + Print Screen батырмаларын қатар басу керек.

Mac: Command + Shift + 3 батырмасын басу қажет.

 Әрекетті қайтару
 Windows: пернетақтадағы Ctrl + Z батырмалары арқылы әрекетті қайтаруға болады.

Mac қолданушысына: Command + Z.

 Жаңа папка ашу
 Windows: тінтуірдің оң батырмасын басып, одан кейін “ашу” әрекеті арқылы жаңа папка ашылады. Бұл  – кең тараған әрекет. Ал ең тиімді әдіс – Ctrl + Shift + Т батырмаларын бір уақытта қолданса, жаңа папка пайда болады.

Mac: Command + Shift + N. Finder-де жаңа папка ашылады.

 Терезелерді бүктеу
 Windows: бір сәтте бірнеше терезені бүктеу үшін Windows батырмасы мен + Ь қолдану жұмысыңызды жеңілдетеді.

Mac: Option + Command + M.

 Экранды бұғаттау
 Windows: жұмыс істегенде Windows терезесін бұғаттау қажет болса, Windows батырмасы + Д қолдану керек. Кейін бұғатталған экранды ашу үшін құпия сөз жазып, жұмысыңызды жалғастыруға болады.

Mac: Ctrl + Shift + Power.

 Инкогнито режимінде Chrome браузерін ашу
 Windows: Ctrl + Т мен Ctrl + Е батырмалары жаңа терезе ашуға және Google Chrome браузерінде жаңа беттер қосуға қолданылады. Егер Chrome инкогнито режимінде болса, Ctrl + Shift + N батырмаларын бір сәтте қолдансаңыз, уақытыңызды үнемдейді.

Mac: Command + Shift + N

 Жабылып қалған терезені қайта ашу
 Windows: егер сіз Chrome брауздеріндегі жұмыс істеп отырған терезені жауып алсаңыз, оны Ctrl + Shift + Е батырмаларын қолданып, қайта аша аласыз. Chrome браузерінің бұрын ашқан 10 терезені сақтайтын функциясы бар.

Mac: Command + Shift + T.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу