«Автобустар жоқ». Семейліктер кімге наразы? (ВИДЕО)
Бүгін Семей аялдамаларында ине шаншар жер жоқ болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қалада маршруттары өзгерген жаңа автобустар пайда болғалы, Семейліктер де өз бағыттарынан жаңылған.
Тұрғындардың айтуынша, бүгін ескі автобустардың көпшілігі өз бағытын өзгерткен көрінеді. Соның кесірінен аялдамалардағы адам саны әп сәтте-ақ көбейіп кетіпті.
Өзгеріске үйренісе алмай жатқан тұрғындарының биліктегілерге өкпелері қара қазандай. Ендігі олардың басты тілектері бұрыңғы маршрутты қайта орнату болып отыр.
Оқи отырыңыз