Зираттарды күтіп ұстау. ШҚО-да бұрын мұндай ереже болмаған
Бұл жөнінде бүгін облыстық әкімдікте өткен қоғамдық тыңдау барысында белгілі болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін өңірде мұндай ереже болмаған. Қоғамдық кеңес мүшелерінің назарына ұсынылған қауылы жобасына сенсек, алдағы уақытта қабір орындарының көлемі, зираттардың орналасу реті, қоршалуы, қоқыстан тазартылуы қатаң регламенттелетін болады.
Сондай-ақ аталмыш қаулы жобасы зират тұрғызуда сән-салтанатты жақсы көретін азаматтар үшін де бірқатар шектеулер қоймақ. Атап айтсақ, бұдан былай зират аумағынан асып тұратын алып ескерткіш тақталар, келімді-кетімді адамдар отыратын орындықтар мен үстелдер орнатуға тыйым салынады.