KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Полицейлердің алатаяқты қай кезде қолдануы керегін түсіндірді

5.09.2019, 03:27 111

 

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полийейлер алатаяқты қай кезде қолдануы керегін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Айтуынша, алатаяқ жол қозғалыс реттеу үшін ғана пайдаланылуы керек. Мәселен, бағдаршам істен шыққанда, жол ортасында көліктер қақтығысып қалғанда, жол жөнделіп жатқан болса, көліктердің бағытын бұру үшін, колоннаны өткізіп жіберу үшін...

– Инспектордың алатаяқпен көлікті тоқтатуы өзіне де, жүргізушіге де қауіпті. Сондықтан бұған тыйым салдық, – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Айтуынша, қазір жол бойында бақылау камералары жеткілікті, полицейлердің көліктерінде де камера бар, ереже бұзғандар құтылып кете алмайтындықтан, көлікті тоқтату үшін алатаяқты алып шығудың қажеті жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйектен бастап алатаяқ қолданысқа қайта енгізілген болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив