Болашағы зор ең жас 10 боксшы – Әлемдік сарапшы
Қазақстандық былғары қолғап шебері Садриддин Ахмедов болашағы зор ең жас 10 боксшының қатарына кірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Boxrec.com порталының редакторы, әлемдік деңгейдегі сарапшы Филипп Сен-Мартен келешегінен көп үміт күттіретін жас боксшылардың тізімін жасады. Білікті маман Twitter-дегі парақшасында 25 жасқа толмаған, болашағы зор жас боксшыларды атады. Аталған тізімде бірінші орта салмақта WBC нұсқасы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы, қазақстандық Садриддин Ахмедов (9-0, 8 КО) де бар.
– Дэвин Хэйни;
– Теофимо Лопес;
– Шакур Стивенсон;
– Верджил Ортис-младший;
– Эфе Аджагба;
– Джарон Эннис;
– Даниэль Дюбуа;
– Исраил Мадримов;
– Садриддин Ахмедов;
– Артем Оганесян.
Айта кетейік, Садриддин Ахмедов келесі жекпе-жегін 25 қазанда Канаданың Квебек қаласында өткізеді. Қазақстандық нокаутшының қарсыласы жақында анықталады.