Үш тілде еркін сөйлейтін семейлік бойжеткен Республикалық олимпиадада жеңімпаз атанды
Үш тілде еркін сөйлейтін семейлік бойжеткен Республикалық олимпиадада бірінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Шымкент қаласындағы Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында үш тілді еркін меңгерген жастар арасында республикалық «Тілдарын» олимпиадасы өтті. Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 18-22 жас аралығындағы студенттер қатысты. Облыс намысын қорғауға аттанған КазГЮИУ-дің 3-курс студенті Лаура Байтілеуова Республикалық олимпиадада 1-орынды жеңіп алды. Семейлік бойжеткен арнайы диплом мен 120 000 теңгелік сертификатқа ие болды.
Оқи отырыңыз