KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 3 м/с, В
443.44 480.51 4.88

Бұқтырмадан көлігімен қоса суға кеткен ер адамның мәйіті табылды

21.08.2019, 11:41 98

Бұқтырмадан көлігімен қоса суға кеткен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылар тобы Бұқтырмадан «Opel» маркалы автокөлікті тапты. Ішінен 1967 жылғы ер адамның денесі табылған.

– Оқиға орнына арнайы техника келіп, көлікті судан шығарды. Бірден полиция қызметкерлерін шақырдық. Жағалауға жақын маңда Малеевский мен Зубовск ауылдарын қосып тұратын тас жол бар. Бәлкім осы жолмен келе жатып, аударылып қалған шығар, кім білсін,  – дейді, ШҚО ТЖД-ның 8-ші құрам бастығы Марат Смағұлов.

Әзірше оқиғаның мән-жайы зерттелуде.                       

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив