Семейде балалар ит сарыған жерде ойнап жүр
«Бұл жерде біздің балаларымыз ойнайды ғой». Семейліктер иттерін балаларға арналған ойын алаңқайында қыдыртатын тұрғындарға наразы, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Міне мына аулада біздің балаларымыз ойнайды. Шамамен 40-қа жуық. Айналдырған бір әткеншек, бір кеме сосын құм толтырылған жәшіктен басқа түк жоқ. Ол аздай бұл жерге иттерін қыдыртатын тұрғындар бар. Онсызда ойын алаңы жоқ жерге иттерімен келіп, арттарынан жинамай кетеді. Әбден мезі болдық. Айтсаң өзіңді мазақ қылады, – дейді қала тұрғыны Ардақ Садуақасова.
Түрксіб көшесі, 53 мекенжайы бойынша ораналасқан көп пәтерлі үйдің тұрғыны Ардақ бейнежазба түсіріп, әлеуметтік желідегі топтарға бөліскен екен. Бейнежазба төменде: