KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, Ю
527.58 546.15 5.29

Катонқарағай ауданында Құрбан айт мейрамы қарсаңында жаңа мешіт ашылды

14.08.2019, 10:36 185

 

Катонқарағай ауданы Майемер ауылының халқы бірігіп салған мешіттің ашылуы Құрбан айт мерекесі қарсаңында болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі аудандық «Арай» газетіне сілтеме беріп.

Мешіт құрылысына ауылдан түлеп ұшып, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Өскемен сынды шаһарларға көшіп кеткен түлектер де қатысты.

Мешіт құрылысына қаржы бөлген және қол күшін аямай еңбек еткен адамдардың барлығын атап шығу мүмкін емес. Базарбек Әменов мешіт құрылысына бес жарым миллоннан астам қаражат, ал Болатбек Досанов 1 млн.255 мың теңге бөлді. Олардан бөлек бір миллионнан астам қаржылай демеушілік көрсеткен ағайынды Мұхаметқали, Жомарт, Мерхат және Мұрат Бұлғыновтарға, 550 мың теңге бөлген Дәулетбек Исабаевқа, 520 мың теңге бөлген Хамзиндер отбасына, 520 мың теңге бөлген Ерболат Мырзағалиевке, 250 мың теңгеден астам қаржы енгізен Мамыровтардың әулетінің ұл қыздарына, сондай ақ, әрқайсысы 150-200 мың теңгеден демеушілік көрсеткен Зейнлхан Жексекеневке, Дайырбек Мырзағалиевқа, Қайрат және Ермек Әбдиновтарға, Темірхан Дүйсебаевқа, Қадыр Қапышевқа, Қанатбек Хамзин, Мақсат Байсапаров, Азамат Азбаев, Нұржан Лұқпанов, Әлібек пен Кенжебек Досановтарға ауыл халқы ерекше алғыс білдірді.

Мешіттің ашылу салтанатына орай ат жарысы да ұйымдастырылды. Тұлпары топтан қара үзіп келген Үштөбе ауылының шабандозы Баянғазы Қабдығалиев жүлдеге тігілген Шопан ата түлігін жеңіп алды.

Ашылу салтанатына орай ас беріліп, ауданның бас имамы жаңа мешіт үйінде құран аяттарын оқыды. Сондай-ақ игілікті іске демеу болған азаматтарға облыстық Халифа Алтай мешітінің бас имамы Ермек Қажы Мұқатайдың атынан алғыс хаттарын табыстады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу