ШҚО әкімі облыс орталығында салынып жатқан бензин бекеттерін азайтуды тапсырды
Облыс әкімі Даниал Ахметов қаланың орталық көшелеріне бензин құятын бекеттерді салдырмау керегін тапсырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Өскемендегі Сәтпаев пен Әуезов даңғылдары жөнделіп бітпей жатып, қапталдарында бензин бекеттерінің бірінен кейін бірі салына бастағаны байқалады. Назарбаев даңғылында да қаптап тұр. Бұл жақсы іс емес. Қаланың орталығына мұнай-газ бекеттерін орнатуға бола ма екен?! Бір жағынан бензин құйдыруға баратындар көбейіп, кептеліс те бұрынғыдан артады. Қаланың әдемі көшелерін бензин бекеттеріне айналдырудың қажеті жоқ, – деген Даниал Ахметов орталық көшелердегі аталмыш нысандардың санын азайту керегін айтып, қала әкімі Жақсылық Омарға тапсырма берді.