KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 7 м/с, Ю
527.58 546.15 5.29

Өскеменде 16 шетелдік заңсыз тұрып келген

9.08.2019, 11:47 114

Облыс орталығында жүргізілген жедел алдын алу шаралары нәтижесінде 74 адамға қорғаншылық бағытында ескертуі жасалып, ұсақ бұзушылық жасаған 126 азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл жөнінде Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

7-13 тамыз аралығында жүргізіліп жатқан «Тұрмыс» жедел алдын алу шарасы барысында Өскеменде 168 адам тұрғылықты жері бойынша тексеріліп, 74-не қорғаншылық бағытындағы ескерту жасалды. Олардың 17-не ерекше талап қажет болса, 14 адамның жағдайы төмен отбасылардың мүшесі екендігі анықталған.

Тамыздың 5-11 аралығында жүргізілген «Қауіпсіз аула» жедел алдын алу шарасы барысында түрлі бұзушылық жасаған 126 азамат ұсталды. Олардың 13-і рұқсат етілмеген жерде сауда-саттық жасаса, 21-і ұсақ заңбұзушылыққа барған. Бұдан бөлек, 33 адам қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болса, бес жасөспірім түнгі уақытта жалғыз-жарым жүрген. Сонымен қатар, 16 шетелдіктің ел аумағында заңсыз тұрып жатқаны анықталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу