"Көз алдымызда суға батып кетті". Өскеменде қайғылы жағдай болды
Қайғылы оқиға 4 тамыз күні Өскемен қаласындағы Лопатино аралдарында болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы ақпарат facebook әлеуметтік желісінде жүр.
Оқиғаны көзімен көрген демалушылардың айтуынша, көз алдарында сағат кешкі 17.00 шамасында «Остров» дәмханасының жанында шомылып жүрген жігіт суға кетіп, қаза болған.
- Бүгін өмір мен өлім қас қағым екенін көрдім... Көз алдымызда жап-жас жігіт суға кетті. Жасы шамамен 32-35-терде болар, - деп жазады әлеуметтік желі қолданушысы.
Оқи отырыңыз