Өскеменде 200-ден астам сарбаз ант қабылдады
Өскеменде ҚР Ұлттық гвардиясының 5518 әскери бөлімінің 200-ден астам жас сарбаздары ант салтанатты жағдайда ант берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Әскери борышын өтеуге келген сарбаздарды Nur Otan партиясының өкілдері, дін басылар, Ұлттық гвардия және соғыс ардагерлері құттықтады.
Қала әкімі Жақсылық Омар жас жауынгерлерді мерейлі сәттерімен құттықтай келе, анттарына берік болуға, құрметті де жауапты Отан қорғаушы деген атақтарын жоғары ұстап жүруге шақырды.
Оқи отырыңыз