KZ
Өскемен
-24°
плотный туман жел 2 м/с, СБ
518.14 537.57 5.27

Семейліктер ұрылардың құрығына жиі ілінеді

2.08.2019, 10:12 70

Семей қаласының полиция қызметкерлері дабыл қағуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жаз мезгілінде үйдің есігі мен терезесін ашық қалдырып кететін қала тұрғындары ұрлықшылардың құрығына түсуде. Мысалы, қала тұрғындарының бірі шырт ұйқыда жатып, сөмкесінен айырылған. Қалай дейсіз бе? Ол терезені жаппай, оның сөмкесін қойып қойыпты. Мұны байқаған қарақшы түнде ұрлыққа түскен. Жедел іздестіру шаралары барысында 29 жастағы бұрын істі болған қала тұрғыны қамауға алынды.

Осыған ұқсас оқиға өткен аптада тіркелген. Есіктерін ашып қалдырып, қаннен-қапресіз жүрген үй иелері көліктің кілтін ұрлатып алыпты.

Жаз мезгілі басталғалы бері мұндай оқиғалар жиі қайталануда. Тәртіп сақшылары тұрғындарды өз қауіпсіздігіне бей-жай қарамауға шақырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу