Өскеменде пәтер тонаушы ұсталды
Өскеменде тоғыз үйге ұрлыққа түскен тонаушы ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы Өскемен Полиция басқармасының қызметкерлері айтты. Жедел іздестіру шаралары барысында 27 жастағы қала тұрғыны қолға түсті. Ол тоғыз рет ұрлыққа түскенін мойындап отыр. Келтірілген шығын мөлшері 3 375 000 теңге. Қазір күдікті қамауда. Аталған факті негізінде ҚР ҚК 188 бабтың 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оқи отырыңыз