Абай ауданында көпбалалы отбасыларға үй берілді
Абай ауданында төрт шаңырақ қоныс тойын тойлады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Естеріңізге сала кетсек осыған дейін біз облыс әкімі Даниал Ахметовтің Шығыс Қазақстандағы 230 отбасына баспана беруді тапсырғанын жазған болатынбыз. Игі шарадан Абай ауданы да қалыс қалмады.
– Облыстық «Парыз» қорынан бөлінген 11 миллион теңгеге аудан орталығынан үш, Кеңгірбай би ауылынан бір үй сатып алынды. Бүгін міне көптен күткен қуаныштың куәсі болып отырмыз, – деген аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров жиылған қауымды құттықтады.
Оқи отырыңыз