KZ
Өскемен
переменная облачность жел 2 м/с, В
521.67 592.46 6.32

Жол, жарық, жылу, су... – әкімдердің ең бірінші бас қатырар шаруасы

15.07.2019, 09:44 158

Жол, жылу, жарық, су... Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтардағы басты мәселелерді атап көрсетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Әрбір облыстың өзінің толғақты мәселесі бар. Мәселен, елдің батыс аймағында жолдар нашар екен. Ауылдардың 40 пайызы орталықтандырылған су жүйесіне қосылмаған. Ал Арқалықта жылу көзі тозыпты, – деді Президент.

Мемлекет басшысы аталмыш мәселелерді жөндеп, халыққа қолайлы жағдай туғызу – облыс әкімдерінің ең бірінші бас қатырар шаруасы екенін қадап айтты.

– Бұл дегеніңіз кезек күттірмейтін шаруалар. Халыққа қолайлы жағдай туғызу – әкімдердің ең үлкен мәселесі. Меніңше, осы істердің біразын кәсіпкерлер мен инвесторларды тартып-ақ атқарып тастауға болады, – деді Қ.Тоқаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу