"Туфлидің өкшесін сындырады" – Өскеменде үй аулаларындағы жолдар (ВИДЕО)
Өскеменнің орталық көшелері жөнделіп жатыр. Ал үй аулары ше? Жуықта №19 мектептің маңайындағы тұрғындар бұл жермен жаяу да, көлік мінген де әрең жүретінін айтып дабыл қақты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Устинка LIVE сайтына сілтеме беріп.
– Мына тұрған дәріханаға айналма жолмен баруға тура келеді. Түзу жүру үшін, мынау ойқы-шойқы көшеде аяқ киімнің өкшесін сындыру қажет. Таяу арада мектеп те тұр. Балалар сабаққа осы жолмен жүреді ғой. Неге жөндемейтініне таңым бар, – деді Надежда Семенова есімді тұрғын.
Иә, бұл ауладағы жолдар ахуалының бір парасы ғана. Мұндай мысалдар облыс орталығында көптеп табылады.
– Біздің бөлімге аулаларды жөндеу үшін бюджеттен бөлінген қаражат бар. Сол бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Біз жөнделуге тиіс жолдар тізімін келіп түскен сұраныстар бойынша жөндейміз. Биылғы жоспарда аталмыш мекенжай, яғни Лев Толстой көшесі, 8 үйдің ауласын жөндеуге қаржы бөлінген жоқ, – деді ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мекемесінің маманы.