Жүргізушілер бір кресло арқылы медициналық тексеруден өтетін болды
Елімізде жақын арада жүргізушілердің денсаулық жағдайын тексеретін кресло пайда болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл кресло медициналық тексеру әдісін толықтай өзгертпек.
Бұл туралы Алматы қалалық жұмылдыру басқармасы басшысының орынбасары Қанат Байғоныров Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Бұл кресло жүргізушінің артериялық қан қысымын, жұрек соғысын, дене температурасын тексереді, сондай-ақ, алкоголь немесе есірткі қабылдағанын анықтай алады екен.
Оқи отырыңыз