Бензиннің бағасы арзандады – Энергетика министрі
Қазақстанда АИ-92 бензині айтарлықтай арзандады. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Министрдің айтуынша, қазір бензиннің бір литрінің 147,9 теңгені құрайды.
-Бүгін республика бойынша АИ-92 бензинінің бөлшек саудадағы бағасы өткен жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда 6,9 пайызға төмендегені байқалды – бір литрі 147,6 теңге. АИ-95/96 бензині де 3,8 пайызға арзандап отыр – литрі 168,6 теңге. АИ-98 – 3,4 пайызға, литрі 185,9 теңге, - деді министр халыққа есеп беру кездесуінде.
Сондай-ақ, жаз басталғаннан бері дизель отыны да 1 пайызға арзандапты – бір литрі 191,8 теңгеден сатылуда.