KZ
Өскемен
-3°
небольшая облачность жел 9 м/с, В
522.91 548.85 5.05

Аягөзде «Дана Нұржігіт» деген қожалық бар

20.06.2019, 02:59 221

Аягөздің Мыңбұлақ ауылында «Дана Нұржігіт» деген қожалық бар дегенді естіп, барып танысқанымызда қызық жағдайға тап болдық. Қожалықтың иесі Айдар Ақшалов белгілі боксшылар Мерей Ақшалов пен Мейірім Нұрсұлтановтың ағасы болып шықты. Қос боксшының әкелері Төлеген Ақшалов та осы жерде жүр екен.

-Қожалығымызға белгілі журналист Дана Нұржігіттің атын қойғанымыз, Дана, Нұржігіт деген балаларымыз бар. Әлбетте, журналист қарындасымызды білеміз, талантына тәнтіміз,-дейді қожалық басшысы Айдар Нұрсұлтанұлы.

Қожалық жылқы, сиыр, қой өсірумен айналысатын көрінеді. Сондай-ақ, бие сауып, оның өнімін Аягөз қаласына апарып сатады екен.

-Бірақ, өнімімізді саудалайтын жер жоқ. Сондықтан, 20 ғана бие сауып, қымыз ашытып отырмыз. Оның өзінде күніне екі –ақ рет сауамыз. Сауылған 20 литр қымыздың өзін сату бір мұң,-дейді Айдар Ақшалов.

Шынында да 10 жылдан бері осы салада жүрген Ақшаловтар қымыздарын өткізер орын таба алмай отыр.

-Тапсырыс берушілерден өзге той-томалақ өткізетін ағайын да қымыз сатып алады. Егер қымызымызды күн сайын алып тұрар жан табылса, 80 литр сауып өткізуге болады. Кеше ауданымызға жаңадан тағайындалған әкіміміз Ділдәбек Оразбаев қожалығымызға келіп, танысып кетті. Бұйырса, жағдай жасауға уәде берді,-дейді ағайынды Төлеген, Айдар Ақшаловтар

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу