KZ
Өскемен
-8°
ясно жел 1 м/с, С
497.26 525.21 4.97

Үлбінің жағалауына қызыл ленталы таяқшалар қойылды

18.06.2019, 10:42 99

Соңғы апталарда толассыз жауған жауын облыс өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуіне әкеліп соқты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Үлбі өзенін жағалай орналасқан Тарханка ауылының тұрғындары бұл күнде алаңдаулы. Өйткені күн санап Үлбінің жағасы опырылып, cу бау-бақша мен қора-қопсыға жақындап келеді. Қариялардың айтуынша, бұрындары ауылда бөлек төрт көше болған. Бүгінде оның бәрі су астында қалды. Соңғы екі жылда өзен ауылға 30 метрге жақындаған. Округ әкімі Валерий Беляниннің айтуынша, жағдайдан шығу үшін жағаны бекіту қажет. Оның жобалық-сметалық құжаттары жасалған. Алайда бұл жоба 2020 жылы жүзеге асырылмақ. Ал оған дейін ауыл тұрғындары алаңдаумен күн кешпек.

- Ауылдықтардың алаңдайтын жөні бар. Өйткені синоптиктер мен төтенше жағдайлар қызметінің болжамы көңіл көншітпейді. Бір күн ішінде айлық жауын мөлшерінің 23 проценті түскен деген дерек тіркеліп отыр. Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта да нөсерлі күндер көп болады,-дейді округ әкімі.

Әзірге Үлбінің жағалауына қызыл ленталы таяқшалар ғана қойылды. Айта кету керек, өзен Тарханкамен қатар Черемшанка ауылына және Үлбі саяжайына да қатер төндіріп тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу