Мемлекеттен бөлінген оқу гранттарының саны белгілі болды
Білім және ғылым министрлгі биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу қалай болатынын айтты, деп хабарлайды Алтайнью тілшісі.
Биыл ҰБТ мен кешенді тестілеу біріктірілді. Тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында болады. Ұсынысты ертерек беру керек. Толық мәлімет Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жазылған.
Тестілеуден белгілі мөлшерден артық бал жинаған жастар 13-20 шілде аралығында оқу грантына ұсыныс бере алады.
Ақылы түрде оқуға түсемін деушілер тамыз айына дейін бірнеше мәрте тест тапсыра алады.
Айта кету керек, 2019-2020 оқу жылына мемлекеттен 66 556 грант бөлінді. Соның 51 085-і бакалавр, 13159-ы магистрант, 2 312-сі доктарант дәрежесінде оқушыларға арналған.