Өскеменде күзет мәшинесі жол апатына себепкер болды
Оқиға Назарбаев даңғылы мен Белинский көшесінің қиылысында болған.
Тексеру кезінде анықталғандай, 26 жасар "Mersedes-Benz" көлігін тізгіндеуші Виноградовтан Белинский көшесіне бағыт алыпты. Ол жолдың ортасына жете бергенде бағдаршам қызыл жанған, алайда жүргізуші өз маневрін аяқтамақ болады. Сол сәтте оны күзет мәшинесі келіп соққан көрінеді.
Апаттан Мерседес көлігіндегі 57 жасар жолаушы әйел зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген.
- 21 жасар күзет мәшинесін тізгіндеушінің үстінен ҚР ҚК 345--баптың 1-бөлімі (Жол ережесін сақтамай, жолаушы денсаулығына зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды - дейді ШҚО полиция басқармасының баспасөз қызметі.