ШҚО-да бір ауылдың зиратынан өрт шықты
ШҚО-да бір ауылдың бейіті өртенді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Знаменка тас жолының алтыншы шақырымындағы зираттан өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті. Онда мұсылмандар мен православтар жерленген, – деді Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасының баспсөз қызметкері.
Шөп пен қоқыс тұтанып, одан кейін өрт өлілер мекенініе жайылған.
– 800 шаршыметр аумақ жалынға оранды. Өрттің шығуына қауіпсіздіктің сақталмауы себеп болып отыр, – деді басқарманың маманы.
Оқи отырыңыз