KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 2 м/с, З
497.26 525.21 4.97

Семейдегі жол апатына кінәлі тарап анықталып жатыр

11.06.2019, 10:55 209

Семейде «Toyota» мен «Волга» соқтығысты. «Волга» мәшинесінің алдыңғы бөлігінен түк қалмаған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Оқиға кеше таңертең, Гагарин көшесінде болған. Куәгерлердің айтуы бойынша, «Волга» мәшинесінің алдыңғы бөлігінен түк қалмаған.

– Жол апатында ешкім жарақат алмаған. Залал тек темір тұлпарларға келген. Аталған факті негізінде, ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды, – деді Семей қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Елубек Оспанов.

Аварияның себептері мен оған кінәлі жақ әлі анықталуда. Тағы бір айта кететіні, бұл баптың санкциясы ретінде 20 айлық есептік көрсеткіш (50500 теңге) көлемінде айыппұл немесе алты айға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру қарастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу