Жерлесіміз Әлем кубогының алтынын жеңіп алды
Германияда өткен жүзуден тірек-қимыл аппараты зақымдалған жандар арасындағы Әлем кубогында жерлесіміз Нұрәлі Советханов алтын медаль иегері атанды.
Бұл – Нұрәлінің халықаралық аренадағы алғашқы жеңісі емес. Дарынды спортшы өткен жылғы бәсекеде бірден екі алтын жүлдеге қол жеткізген болатын. Сол кезде жерлесіміз 50 және 100 метрге брасс әдісімен жүзу сайыстарында топ жарған болатын. Ал биыл Нұрәлі эстафеталық сайыстың (4х50 метрге жүзу) алтынын жеңіп алды. Осы ретте шығысқазақстандық спортшының мұндай жетістікке жетуіне бапкері Максим Филимонов зор еңбек сіңіргенін айту керек.
Жалпы, биылғы бәсекеге әлемнің 65 елінен келген 115 команда қатысқан-ды.