KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 3 м/с, В
485.11 523.82 5.02

Кенеден сақтану үшін әтір қолданыңыз

10.06.2019, 11:54 128

ШҚО-да соңғы үш айда екі мыңнан астам адамды кене шақты. Оның ішінде  бес адам кене энценфалитін жұқтырған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, кене энцефалитіне қарсы екпе жоспарға сай жылына екі рет эндемикалық аумақтарда ұзақ жұмыс істейтін адамдарға жасалады екен. Атап айтқанда, Глубокое, Катонқарағай, Зайсан, Көкпекті, Ұлан, Шемонаиха, Алтай аудандары мен Өскемен, Риддер қалаларында. Қауіп-қатер тобына орман шаруашылығының қызметкерлері, жол жөндеушілер, фермерлер, геологтар, топографтар және т.б. кіреді.

Кене шаққанда, дәрігерлер дене температурасы мен ағзаның жалпы жай-күйін бақылап отыруға шақырады. Дене қызуы көтеріліп, бас ауырса, бірден дәрігерге қаралу қажет.

Сондай-ақ, табиғатқа шыққанда қауіпсіздік ережелерін сақтаған жөн. Мамандар кенені үркіту үшін әтір пайдалануға кеңес береді. Себебі, бұл жәндіктер адамның биологиялық иісіне қарай жақындай түседі екен. Олар адамды бірнеше метр қашықтықтан сезіп қояды. Ал химиялық бөгде иістерден бойын аулақ ұстайтын көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив