Өскемен халқын кешкі уақытта қала көшелерімен жүгіріп өтуге шақырды
Өскемен әкімдігі қала халқын 2 шақырымға жүгіруге шақырып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Қала көшелерімен кешкі уақытта жүгіріп өтуге шақырамыз. Жүгіру қашықтығы 2 шақырым – «Shiny River» қонақ үйінен бастап Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың алдына дейін, – делінген қала әкімдігінің ақпаратында.
Тіркеу 6 маусым күні сол жерде 20:00-де басталады. Ал старт сағат 21:00-де.
Оқи отырыңыз