Акция: Өскеменнің көшелерімен қиранды көліктер тиелген эвакуаторлар жүріп өтті
Өскеменде жол апатына ұшыраған мәшинелердің шеруі өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Эвакуаторға тиелген көліктер облыс орталығының басты көшелерімен жүріп өтті. Полиция қызметкерлері акцияны қала тұрғындарына арнап ұйымдастырған көрінеді.
– Осы акция арқылы жол жүру ережелерін сақтауға шақырамыз. Өйткені қираған автокөліктердің барлығы түрлі ережелерді бұзғандықтан пайда болады – дейді ҚР ІІМ хабарламасында.
Айтпақшы, ағымдағы жылы ШҚО-да 318 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 5-ақ айдың ішінде облысымызда 44 адам көз жұмып, 446 адам зардап шеккен.
Оқи отырыңыз