KZ
Өскемен
-10°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

1 шілдеден бастап электронды пойыз билеттерінің жетілдірілген жүйесі енгізіледі

31.05.2019, 10:16 319

2019 жылдың 1-ші шілдесінен бастап Компанияға қарасты барша бағыттарға электронды жол жүру билеттері жаңа автоматтындырылған және заман талабына сай жетілдірілген жүйе арқылы сатылатын болады. Жаңа жүйе бойынша жолаушылардың қайтарған билеттері белгіленген уақыт аралығында ғана сатылымға шығарылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы ұлттық тасымалдаушы «ҚТЖ» ҰК» АҚ ресми сайтында жарияланып отыр.

- 2019 жылдың 29 наурызында «ҚТЖ» ҰК» АҚ, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігі мен Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі арасында теміржол тасымалы саласында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі жол картасына үш жақты қол қойылған. Осы құжаттың негізінде билет алып-сатарларына қарсы бағытталған маңызды шешім қабылданды, - деп жазылған компанияның ресми хабарламасында.

Осыған орай «Жолаушылар тасымалы» АҚ мамандары жеке билет сататын касса өкілдеріне электронды билет сатудың жетілдірілген жүйесін таныстырды. Бұл жүйе жолаушылардың қайтарған билеттерін белгіленген уақыт аралығында ғана сатылымға шығарады. Яғни, алып-сатарларға жемқорлықпен айналысуға бөгет болады деп күтілуде.

Сондай-ақ, ұлттық тасымалдаушы жаңа жүйенің енуі билет құнына әсер етпейтінін ескертеді.

-        Егер де билетсіз отырған жолаушы не болмаса заңсыз рәсімделген жүк тасымалына тап болсаңыз - фотобейне түсіріп, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Бас директорының блогына (http://www.temirzholy.kz/blog-predsedatelya-pravleniya/) жазып жіберулеріңізді сұраймыз! Біз міндетті түрде шара қолданамыз! – деп көрсетілген компанияның сайтында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу