KZ
Өскемен
+8°
ясно Штиль
479.05 534.57 5.17

Жеребе арқылы анықталады. Еуро - 2020 билеттері сатылымға шығарылды

13.06.2019, 03:31 166

Кеше, 12 маусым күні футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының билеттері сатылымға шығарылды. Өтінімдер бір ай бойы қабылданып, билет иесі жеребе арқылы анықталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат УЕФА-ның ресми сайтында сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылар футбол жанкүйерлеріне 1,5 миллион билет сатуды жоспарлап отыр. 2019 жылғы 12 маусымнан 12 шілдеге дейінгі аралықта берілген өтінімдер бойынша жеребе салынып, жеңімпаздар анықталады.

Билеттердің қалған бөлігі турнир жақындаған тұста сатылымға шығарылады. Жекелеген құрамалардың ойынына билеттер сол құрама командалардың талаптарына жауап беретін жанкүйерлеріне ғана сатылады.

Ойындар Еуропаның 12 қаласында өтеді. Олар: Амстердам, Баку, Бильбао, Будапешт, Бухарест, Глазго, Дублин, Копенгаген, Лондон, Мюнхен, Рим және Санкт-Петербург.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив