KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
443.37 474.49 4.83

Семейліктерге 300 мың теңгеге үй алып бермек болған

22.05.2019, 11:19 191

Семейде мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін деп жұртты алдаған алаяқ пайда болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Күдікті барлық жұмысты өзі істейтінін айтып, осы «еңбегіне» 300 мың теңге сұрайды екен.

Жуықта Полиция басқармасына қала тұрғынынан шағым түсті. Тексеру барысында сақшылар 42 жастағы әйелді ұстады.

Күдікті бұрын да істі болған адам екен. Әлгі алған 300 мың теңгені жаратып та үлгеріпті.

ҚР ҚК 190-бап «алаяқтық жолмен ақша алу» бөлімі бойынша оның үстінен іс қозғалды. Тергеу ісі әлі жалғасып жатыр және күдіктінің басқа кімдерді алдағаны анықталуда.

Полиция басқармасының басшысы барша үй аламын деушілерге сақ болуды ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив