Семей әкімнің Инстаграмдағы танымалдылығы таң қалдырып жатыр
Семей әкімінің әлеуметтік желідегі танымалдығы «мен» деген блогерлерді өкшелеп келеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жуықта ғана Инстаграм желісіне тіркелген Ермак Сәлімовтың бүгінде 14 мыңнан астам досы бар. Оның алғашқы жазбасының өзін 2,5 мың адам лайкқа лайық көріпті. Айта кету керек, оның бірінші жазбасы бес күн бұрын ғана жарияланған. Ал салыстырып қарайтын болсақ, Өскемен қаласы әкімінің Инстаграм желісінідегі оқырмандар саны 13 мың адам екен.
Айтпақшы, жазба астындағы пікірлер де біразға барып қалған. Алуан сыпатта жазылып жатыр. Бірі мақтайды, бірі кемшілікті сынайды дегендей...
Иә, қала басшысының белсенділігі осы қарқынынан жаңылмаса, көп ұзамай-ақ Әлішер Елікбаев сынды танымал блогерлерді шаң қаптыратын түрі бар.
Енді бір сұрақ туады көкейде: парақшаны Ермак Сәлімовтің өзі жүргізіп отыр ма осы? Әлде арнайы күштер көмектесе ме?