KZ
Өскемен
+23°
ясно жел 4 м/с, СБ
481.19 538.45 5.18

Алтай қаласына «Әлем барысы» келді

20.05.2019, 05:47 178

Алтай қаласына қазақ күресінің саңлағы Айбек Нұғымаров келді. Даңқты балуан шаһарда аталмыш күрес түрінен ұйымдастырылған облыстық чемпионаттың құрметті қонағы болды.

Айта кетейік, бұл Алтайда өткізілген алғашқы жарыс емес, қалада бұған дейін де қазақ күресінің үздіктері бас қосқан бірнеше дода ұйымдастырылған. Биылғы сайысқа облысымыздың аудан-қалалары атынан 2006-2009 жылдары туған 60-тан астам жас балуан қатысты. Жоғарыда айтақымыздай, қаладағы орталық стадионда өткен жарысты тамашалауға алтайлықтармен бірге «Қазақстан барысы» және «Әлем барысы» додаларының жеңімпазы Айбек Нұғымаров та келді. Абайлық балуан турнирдің ұйымдастырылуына жоғары баға беріп, шалғайдағы елді мекендерде өткізілетін мұндай жарыстардың мән-мағынасы зор екенін айтты.

Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Мұрат Байболовтың мәліметінше, ауданда қазақ күресіне деген қызығушылық жыл өткен сайын артуда. Дәл қазір спорт мектебінде білікті бапкерлер Ербол Ауғамбаев пен Самат Қақтаевтың қол астында 50-ге жуық балақай жаттығуды екен.

Тартысты белдесулер қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылған спортшылар мақтау қағаздарымен, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив