KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 1 м/с, С
521.53 601.01 6.43

Курчатов қаласында Берия тұрған үй әлі бар

14.05.2019, 08:22 184

Облыс əкімі Даниал Ахметов Курчатов қаласындағы жергілікті халық арасында "Берия үйі" деп аталып жүрген ғимаратқа барды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қазір бұл жерде православ шіркеуі орналасқан екен.

- Бұл адамның кесірінен мыңдаған жан ату жазасына кесілген. Арасында жерлестеріміз де көп болған. Сондықтан осыншама қайғы-қасірет əкелген кісінің үйінде бүгінде шіркеудің орналасуы бекер емес. Мен мұны жаңғырудың, жаңаланудың нышаны деп білемін, - деді облыс əкімі.

Жергілікті тұрғындардың айтуына сенсек, бұл үйде кезінде НКВД-ның белді мүшелерінің бірі, Сталиндік репрессияларды жүзеге асырушы Лаврентий Берияның өзі тұрыпты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу