KZ
Өскемен
-3°
ясно жел 1 м/с, С
497.89 525.12 5

Күршімнің кәсіпкерлері арақ-шарап сатудан бас тартты

14.05.2019, 03:24 114

Күршім ауданында арақ-шарап сатылмайтын болды. Аудандық мешіттің имамдары өңірдегі дүкендерді аралап, ораза кезінде алкагольді сусындарды сатпау туралы ұсыныс айтты. Бұл ретте имамдардың ұсынысын кәсіпкерлердің де қолдағанын айта кеткен жөн, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі облыстық "Халифа Алтай" мешітінің баспасөз қызметіне сілтеме беріп.

– Қасиетті Рамазан айында арақ-шарап сатпауды үндеп отырмыз. Қоғамдағы барлық келеңсіздік осы арақтан басталады десек артық айтқандық емес. Сондықтан қасиетті айда арақ сатпай, оны тұтынбай, имандылыққа бет бұру, жастарға өнеге көрсету аса маңызды, – деді ауданның бас имамы Тілейбек Соянұлы.

Осы игі бастама енді басқа аудандарда да қолға алынбақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу