Өскеменде жоғалып кеткен әйел сығандардың үйін паналап жүрген
Анна Храмцова осыдан 10 күн бұрын Красин кентінде жоғалып кеткен еді. Оған туыстары, еріктілер тобы мен полиция қызметкерлері салды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Анықталғандай, Анна осы уақытқа дейін кентте тұратын сығандардың үйін паналап жүрген екен. Бұл жөнінде еріктілер тобына қала тұрғындары хабар беріпті. Аннаны сығандармен бірге дүкенде жүргенін көрген адамдар табылған.
Сығандар айтуынша, олар көшеде жеңіл, жұқа киіммен жүрген әйел адамды кездестірген. Ол өзінің тұратын мекен-жайын білмеген. Қонақжай халық Аннаны осылайша үйлеріне шақырып, паналатқан екен.
Еріктілер қазір Анна Храмцова аман-есен өз үйіне жеткізіліп, туыстарымен қауышқанын хабарлап отыр.