KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями Штиль
522.38 612.6 6.54

«Алтай» қатарынан үшінші ойында жеңіске жетті

27.05.2019, 05:09 440

«Алтай» жеңісті жолын жалғастыруда. Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел чемпионатының сегізінші турында өз алаңында Алматының «Қайрат-Жастар» командасын қабылдаған семейлік ұжым қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктіріп, жеңіс сериясын үш ойынға дейін ұзартты.

 

Еске салайық, бұған дейін жерлестеріміз Шымкенттің «Академия-Оңтүстігі» мен Қызылорданың «Байқоңырынан» сәйкесінше 3:0 және 3:1 есебімен басым түскен болатын. Қазір көш басындағы «Алтай» екінші орындағы ақтаулық «Каспий» командасынан төрт ұпайға ұзап тұр.

 

Семейдің «Спартак» стадионында өткен бұл жолғы матчтың есебі 14-ші минутта ашылды. Көзге түскен шабуылшы Дәурен Қайқыбасов болды. Ал 70-ші минутта есеп 2:0-ге жетті. Бұл жолы тәжірибелі жартылай қорғаушы Алексей Шакинның қанжығасы майланды. Қорытынды есеп 2:0.

 

Келесі кездесуін жерлестеріміз 31 мамыр, жұма күні Нұр-Сұлтан қаласында жергілікті «Астана» клубының жастар қомандасымен өткізеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу